Мүшеліктің Артықшылығы

kiteӘлемдік сауда-қаржылық орталығы болып табылатын Лондонның дәл ортасында орналасқан Қазақстан-Британдық Сауда-Өнеркәсіптік Палатасы шын мәнінде бірегей Бір Терезе Орталығын білдіреді, ол бизнесті алдыға жылжыту, қатысушыларымыздың қол жеткізе алатын ақпаратты және маркетингті ұсыну саласындағы әр түрлі қызметтердің жиынтығын ұсынады.

Кең ауқымдағы маркетинг және өз бизнесіңізді басқа елде жүргізудің мүмкіндіктері

Қазақстан-Британдық Сауда-Өнеркәсіптік Палатасының мүшесі ретінде Сіз, Палатаның Сіздің ары қарайғы табысқа жетуіңізге мүмкіндікті ұсынудың мақсатымен қатысатын барлық іс-шараларында өз тауарларыңызды және қызметтеріңізді жарнамалаудың және маркетингінің кең ауқымды мүмкіндігіне ие боласыз. Жыл сайын, қосымша төлемсіз, Палатаның Директорлар кеңесі Сізге басқа фирмалардың сауадарын ұсынады және оларды Сіздің табалдырығыңызға алып келеді. Сіздің жарнамалық материалдарыңыз көрсету үшін Палатада, Қазақстан Республикасының Біріккен Корольдіктегі Елшілігінде және басқа да іскерлік орталықтарда орналастырылады. ҚБСӨП мүшесі болып табыла отырып, Сіз бұл мүмкіндіктерді мүдделеріңіз үшін пайдалана аласыз. Палатаның веб-сайты біздің елдерімізге қатысты жан-жақты және құнды ресурстарға және ақпаратқа ие ерекше оқиғаларды және хабарландыруларды қоса алғанда, мүшелерімізбен ұсынылатын ақпаратқа сәйкес тұрақты түрде жаңартылып отырады.