Ақпараттық Орталық

newsВеб сайт: Сіздің компанияңыз туралы ақпаратты және Сіздің Веб бетіңізге сілтемені Сауда палатасының вебсайтындағы іскерлік анықтамаға тегін қосу. Сонымен бірге, қандай да бір іс-шараға құлақтандыру жасағысы келетіндер, бұны біздің Оқиғалар тізімінің Күнтізбесінде жасай алады. Тек Палатаның қатысушылары ғана палатаның вебсайтында хабарландыруларды бере алады.

Палатаның Брошюрасы: Қатысушылар компания және ұсынылатын қызметтер/өнімдер туралы ақпаратты біздің жаңа брошюрада тегін орналастыра алады, ол Қазақстанның тарихы және біздің аймақтың адамдары жайлы мәлімет береді, оқиғалардың күнтізбесі, демалатын орындардың, назар аударарлық жерлердің, қызметтердің, қонақ үйлердің  тізімі және тағы да басқа көптеген мәліметтер мазмұндалады. Бұған қосымша, тілек білдіруі бойынша Палатаның қатысушылары өздерінің хабарландыруларын осы басылымда орналастыра алады.

Оқиғалардың Күнтізбесі: Палата іс-шараларды және біздің ұйымның мүшелері мен әріптестерінің іскерлік белсенділігін жариялау мақсаттарында веб-сайтқа кіретіндердің барлығы үшін вебсайтта ай сайынғы Оқиғалардың Күнтізбесін үйлестіреді.

Палатаның Электронды бюллетені “КӨШПЕНДІ”: Палата тұрақты түрде Палата мүшелерінің жаңалықтары, аймақтық іскерлік жаңалықтар және өнеркәсіп жаңалықтары, қатысушыларымыздың мүдделеріне қатысты жаңа ережелер мен нұсқаулықтар туралы ақпаратты, сондай‑ақ басқа да редакциялық материалды мазмұндайтын Электронды бюллетені таратып отырады. Палатаның қатысушысы ретінде, Сіз жарнаманы осы басылымда орналастыра аласыз, ол Сізге жаңа бизнесті әкеледі.

Хабарландыруды электронды поштамен жіберу: Палата электронды пошта арқылы бізге жіберілген Сіздің кез келген оқиға туралы хабарландыруыңызды немесе төтенше хабарды Палатаның барлық қатысушыларына адресаттардың эксклюзивті тізімі арқылы жібереді.

Директорлар кеңесінің кездесулері: Біздің Палата қатысушыларды Қазақстанның және Ұлыбританияның іскерлік орталарын анықтау және мүдделерін жақындастыру жөніндегі ынталандырушы адамдық фактор болып табылатын Директорлар кеңесінің тұрақты жоспарланған отырыстарына қатысуға шақырады. Қатысушылар Палатаның басқа қатысушыларымен бірге қатысуға, ойларын бөлісуге, тартылуға және байланыс жасауға шақырылады.