Мүшелік
Мүшеліктің Артықшылығы
Әлемдік сауда-қаржылық орталығы болып табылатын Лондонның дәл ортасында орналасқан Қазақстан-Британдық Сауда-Өнеркәсіптік Палатасы шын мәнінде бірегей Бір Терезе Орталығын білдіреді, ол бизнесті алдыға жылжыту, қатысушыларымыздың қол жеткізе алатын ақпаратты және маркетингті ұсыну саласындағы әр түрлі қызметтердің жиынтығын ұсынады.
Кең ауқымдағы маркетинг және өз бизнесіңізді басқа елде жүргізудің мүмкіндіктері.
Қазақстан-Британдық Сауда-Өнеркәсіптік Палатасының мүшесі ретінде Сіз, Палатаның Сіздің ары қарайғы табысқа жетуіңізге мүмкіндікті ұсынудың мақсатымен қатысатын барлық іс-шараларында өз тауарларыңызды және қызметтеріңізді жарнамалаудың және маркетингінің кең ауқымды мүмкіндігіне ие боласыз. Жыл сайын, қосымша төлемсіз, Палатаның Директорлар кеңесі Сізге басқа фирмалардың сауадарын ұсынады және оларды Сіздің табалдырығыңызға алып келеді. Сіздің жарнамалық материалдарыңыз көрсету үшін Палатада, Қазақстан Республикасының Біріккен Корольдіктегі Елшілігінде және басқа да іскерлік орталықтарда орналастырылады. ҚБСӨП мүшесі болып табыла отырып, Сіз бұл мүмкіндіктерді мүдделеріңіз үшін пайдалана аласыз. Палатаның веб-сайты біздің елдерімізге қатысты жан-жақты және құнды ресурстарға және ақпаратқа ие ерекше оқиғаларды және хабарландыруларды қоса алғанда, мүшелерімізбен ұсынылатын ақпаратқа сәйкес тұрақты түрде жаңартылып отырады.
Сіздің іскерлік және байланыс ресурсыңыз
ҚБСӨП Сіздің іскерлік ресурсыңыз болып табылады. Сіз ұлт аралық корпорациясыз ба немесе жеке кәсіпкерсіз бе, оған қарамастан, ҚБСӨП қызметтері компаниялардың кең спектрі үшін жасалған. Біздің сараптамалық қызметтеріміз халықаралық сауданы жүргізудің, инвестициялар және экспорттау жөніндегі заңнамалық базаның барынша әр түрлі мәселелері бойынша ағылшын, қазақ және орыс тілдеріндегі бизнес кеңестерді қамтиды. Біз қатысушыларымыздың Қазақстанда және Ұлыбританияда билік орындарымен байланыс жасауына көмектесеміз және қатысушылардың мүдделері үшін тиімді ресми шешім қабылдауына белсенді түрде ықпал етеміз. Біз сәйкесінше нарықтарда әлеуетті әріптестерді табу, тауарларды, жаңа технологияларды, техниканы және қызметтерді зерттеу және өткізу жөнінде көмекті ұсынамыз.
Желілік Орталық
Палата Сізге біздің кең ауқымды мүшелік және әріптестік желіміз арқылы және тұрақты қатысушылардың ұсыныстары арқылы жаңа байланыстар мен клиенттерді табуға көмектеседі. Біз қолайлы және бейресми ортада қатынас жасауды құру үшін, мүшелеріміздің Палатамен жүргізілетін, бизнес кешкі тамақтар, тақырыптық брифингтер сияқты іс-шараларына қатысуын ынталандырып отырамыз.
Сонымен бірге, біздің Палатамыз басқа аймақтық Палаталармен және конференциялардың ұйымдастырушыларымен іс-шараларды ұйымдастыру жөнінде әріптестік жасайды, олар қатысушыларымыздың жұмысын жүргізу миссиямызға қолдау көрсетуге көмектеседі. Әрбір іс-шара қатысушыға қатысудың кез келген деңгейін таңдауына мүмкіндік береді және Палатаның мүшелеріне елеулі жеңілдіктер ұсынылады. Біз қатысушыларымызға семинарларға және желілік іс-шараларға қатыса отырып, бұл мүмкіндікті – ең жаңа жаңалықтарды алудың және өзін және Сіздің компанияңызды жаңа іскерлік байланыстарда таныстырудың мүмкіндігін ұсынады.
Ақпараттық Орталық
Веб сайт: Сіздің компанияңыз туралы ақпаратты және Сіздің Веб бетіңізге сілтемені Сауда палатасының вебсайтындағы іскерлік анықтамаға тегін қосу. Сонымен бірге, қандай да бір іс-шараға құлақтандыру жасағысы келетіндер, бұны біздің Оқиғалар тізімінің Күнтізбесінде жасай алады. Тек Палатаның қатысушылары ғана палатаның вебсайтында хабарландыруларды бере алады.
Палатаның Брошюрасы: Қатысушылар компания және ұсынылатын қызметтер/өнімдер туралы ақпаратты біздің жаңа брошюрада тегін орналастыра алады, ол Қазақстанның тарихы және біздің аймақтың адамдары жайлы мәлімет береді, оқиғалардың күнтізбесі, демалатын орындардың, назар аударарлық жерлердің, қызметтердің, қонақ үйлердің тізімі және тағы да басқа көптеген мәліметтер мазмұндалады. Бұған қосымша, тілек білдіруі бойынша Палатаның қатысушылары өздерінің хабарландыруларын осы басылымда орналастыра алады.
Оқиғалардың Күнтізбесі: Палата іс-шараларды және біздің ұйымның мүшелері мен әріптестерінің іскерлік белсенділігін жариялау мақсаттарында веб-сайтқа кіретіндердің барлығы үшін вебсайтта ай сайынғы Оқиғалардың Күнтізбесін үйлестіреді.
Палатаның Электронды бюллетені “КӨШПЕНДІ”: Палата тұрақты түрде Палата мүшелерінің жаңалықтары, аймақтық іскерлік жаңалықтар және өнеркәсіп жаңалықтары, қатысушыларымыздың мүдделеріне қатысты жаңа ережелер мен нұсқаулықтар туралы ақпаратты, сондай‑ақ басқа да редакциялық материалды мазмұндайтын Электронды бюллетені таратып отырады. Палатаның қатысушысы ретінде, Сіз жарнаманы осы басылымда орналастыра аласыз, ол Сізге жаңа бизнесті әкеледі.
Хабарландыруды электронды поштамен жіберу: Палата электронды пошта арқылы бізге жіберілген Сіздің кез келген оқиға туралы хабарландыруыңызды немесе төтенше хабарды Палатаның барлық қатысушыларына адресаттардың эксклюзивті тізімі арқылы жібереді.
Директорлар кеңесінің кездесулері: Біздің Палата қатысушыларды Қазақстанның және Ұлыбританияның іскерлік орталарын анықтау және мүдделерін жақындастыру жөніндегі ынталандырушы адамдық фактор болып табылатын Директорлар кеңесінің тұрақты жоспарланған отырыстарына қатысуға шақырады. Қатысушылар Палатаның басқа қатысушыларымен бірге қатысуға, ойларын бөлісуге, тартылуға және байланыс жасауға шақырылады.
Қатысушыларға жеңілдіктер
Қатысушыларға, Палатамен көрсетілетін барлық ақылы қызметтеріне елеулі жеңілдіктер ұсынылады. Қатысушыларға жеңілдік берілетін қызметтер жарнаманы және поштаны жіберуді, Алматыда, Астанада және Лондонда тұруды, деректер қорында іздестіруді, аударма жөніндегі қызметтерді, оқу орындарында оқуды, мәдени брифингтерді, шет елдік өкілдіктерді ашуға көмектесуді, кеңес беруді, нарық жағдаятын зерттеуді, логистика жөніндегі қызметтерді және т.б. қамтиды.
























