1. Кіріспе
Осы ережелер және шарттар осы WEB-сайтты пайдалануды реттейді; Осы WEB-сайтты пайдалана отырып, сіз осы ережелерді және шарттарды толық қолданасыз. Егер сіз осы ережелермен және шартармен немесе олардың қандай да бір бөлігімен келіспесеңіз, сіз осы WEB-сайтты пайдаланбауыңыз керек.
2. WEB-сайтты пайдалануға берілген лицензия
Егер басқаша көрсетілмеген болса, осы WEB-сайтқа берілген зияткерлік меншік құқығы, сондай-ақ осы WEB-сайтта орналастырылған материалдар бізге немесе біздің лицензиаттарға тиесілі. Төменде келтірілген лицензияға сәйкес, барлық зияткерлік меншік құқықтары тіркелген.
Сіз тек кэш-жадыда ғана беттерді қарап және материалдарды сақтай аласыз, сондай-ақ WEB-сайттан алынған ақпаратты жеке пайдалану үшін төменде және бұдан ары осы ережелер мен шарттарда көрсетілген шектеулерге сәйкес басып шығара аласыз.
Тыйым салынады:
(a) осы WEB-сайттан алынған материалды қайта басып шығаруға (материалды басқа WEB-сайтта жариялауды қоса алғанда);
(b) осы WEB-сайттың материалдарын сатуға, жалға беруге немесе қосалқы лицензияны ұсынуға;
(c) осы WEB-сайттың материалдарын жұртшылыққа көрсетуге;
(d) осы WEB-сайттың материалын коммерциялық мақсаттарда өндіруге, қайталап шығаруға, көшіріп басуға немесе басқадай тәсілмен пайдалануға;
(e) WEB-сайттың материалын редакциялауға не басқадай тәсілмен өзгертуге; немесе
(f) осы WEB-сайттың материалын таратуға (сайта орналастырылған, таратуға арналған контентті қоспағанда, бұл туралы белгілі бір және нақты үлгіде көрсетілген. (мысалы, біздің бюллетень).
3. Пайдаланудың қабылданған ережелері
Сіз осы WEB-сайтты, WEB-сайттағы бүлінулердің себебі болып табылған немесе болып табылуы мүмкін, немесе WEB-сайтқа ену мүмкіндігіне зиян келтіруі мүмкін кез-келген тәсілмен; немесе заңсыз, құқыққа қайшы, алаяқтық немесе зиянкесті болып табылатын, не заңсыз, құқыққа қайшы, алаяқтық немесе зиянкес оймен немесе қызметпен байланысты қандай да бір басқа тәсілмен пайдаланбауыңыз керек.
Сіз осы WEB-сайтты шпиондық ПО, компьютерлік вирустар, трояндық бағдарламалар, өздігінен көбейіп таралатын вирустық бағдарламалар («құрт»), клавиатураның жұмысын тіркеушілер, руткиттер (жүйедегі зиянды бағдарламалардың іздерін жасыруға арналған бағдарламалар немесе бағдарламалардың жинағы) және басқа да зиянды бағдарламалар мазмұндалған (немесе соларға қатысы бар) материалдарды көшіру, сақтау, орналастыру, беру, жіберу, жариялау, пайдалану немесе тарату үшін пайдаланбауыңыз керек.
Сіз біздің тікелей түрде білдірілген жазбаша келісуімізсіз осы WEB-сайтқа қатысты деректерді жүйелі немесе автоматтандырылған жинаумен байланысты әрекеттерді (соның ішінде, іздестіру жүйелерінде жоғары орындарға ие сайттардан контентті ұрлауды, және олардың негізінде өзінің жеке беттерін жасауды, деректерді және ақпаратты жинауды қоса алғанда) немесе осыған ұқсас әрекеттерді қолданбауыңыз керек.
Сіз осы WEB-сайтты арнайы тәсілмен рұқсат берілмеген коммерциялық ақпаратты беру немесе жіберу үшін пайдаланбауыңыз керек.
Сіз біздің тікелей түрде білдірілген жазбаша келісуімізсіз осы WEB-сайтты маркетингке қатысты қандай да бір мақсаттар үшін пайдаланбауыңыз керек.
4. Шектелген рұқсат
Осы WEB-сайттың белгілі бір ресурстарына ену рұқсаты шектелген. Біз өз қалауымыз бойынша осы WEB-сайттың белгілі бір ресурстарына немесе толығымен сайттың өзіне енуге шектеу қою құқығын өзімізге қалдырамыз.
Біз осы WEB-сайттың белгілі бір шектелген ресурстарына немесе басқа сервистерге және материалдарға ену үшін сізге пайдаланушының идентификаторын (user ID) және парольді сізге ұсынған кезде, сіз осы паролдің және пайдаланушының идентификаторының құпиялығын қамтамасыз етуіңіз керек.
Біз өз қалауымыз бойынша және алдын ала ескертпесіз және түсіндірмесіз сіздің пайдаланушы идентификаторыңыздың және пароліңіздің күшін жоя аламыз.
5. Пайдаланушылармен жасалатын контент
Осы ережелерде және шарттарда «пайдаланушының контенті» термині сіздің мақсатына қарамастан сайта орналастыратын материалдарыңызды (соның ішінде, мәтінді, кескінді, аудиоматериалды, бейнематериалды және аудиовизуалды материалды қоса) білдіреді.
Сіз қазір пайдаланылатын немесе болашақта пайдаланылатын, кез келген ақпарат тасымалдағыштағы пайдаланушының контентін пайдаланудың, шығарудың, үлгілендірудің, жариялаудың, аударудың және таратудың ауқымды, ерекшеліксіз және қайтарымсыз, кері қайтарып алуға жатпайтын лицензиясын бізге ұсынасыз. Сіз сондай-ақ бізге осы құқықтарды, сонымен бірге жоғарыда көрсетілген құқықтар бұзылған жағдайда талап қою құқығын да ұсынасыз.
Пайдаланушының контенті заңсыз немесе құқыққа қайшы болып табылмауы, үшінші тұлғалардың заңды құқықтарын бұзбауы, және сіздің немесе біздің тарапқа қарсы, сондай-ақ үшінші тараптарға қарсы (әрбір жеке жағдайда және қолданыстағы заңға сәйкес) заңдылық әрекеттерге негіз болмауы керек.
Сіз, егер бұл материалдар нақты соттық тексерулердің нысаны немесе әлеуетті соттық талаптың немесе соған ұқсас басқа шағым-талаптардың нысаны болып табылса, пайдаланушының контентін осы WEB-сайтта орналастырмауыңыз керек.
Біз осы WEB-сайтта орналастырылған немесе осы серверде сақталған, не осы WEB-сайтта көрсетілген немесе жарияланған кез-келген материалды редакциялаудың және жоюдың құқығын өзімізге қалдырамыз.
6. Шектелген кепілдік
Біз осы WEB-сайтта орналастырылған ақпараттың дұрыс болуын қамтамасыз ету үшін күш салатынымыз себепті, біз оның толық және дәл болуына қатысты кепілдік бермейміз; біз сондай-ақ осы WEB-сайттағы материалдарға қол жеткізуді және жаңартуды қамтамасыз етуге міндеттенбейміз.
Барлық заңмен белгіленген жағдайларда, біз осы WEB-сайтқа және оны пайдалануға қатысты барлық өтініштерді, кепілдіктерді және ережелерді (соның ішінде, заңмен көзделген қанағаттанарлық сапасы, мақсаты бойынша пайдалануға жарамдылығы туралы және/немесе кәсіби қатысымен және тырысу арқылы пайдалану туралы кез-келген кепілдіктерді) алып тастаймыз.
7. Жауапкершілікті шектеу
Осы шарттардағы және ережедегілердің (немесе WEB-сайттағының) ешқайсы да біздің салақтығымызға байланысты орын алған алдану, қайтыс болу немесе жарақат алу оқиғасы үшін біздің жауапкершілігімізді немесе қолданыстағы заңға сәйкес жоққа шығаруға келмейтін кез-келген басқа жауапкершілікті теріске шығармайды және шектемейді.
Осыған сәйкес, біздің осы WEB-сайтқа қатысты, сондай-ақ осы шарттарға және ережелерге байланысты, келісім-шарттың немесе деликттің (салақтықты қоса алғанда) немесе басқа құқыққа қайшы әрекеттің күшінен туындаған, сіздердің алдыңыздағы жауапкершілігіміз келесі тәсілмен шектелетін болады:
(a) біз кез-келген жанама, болмашы немесе ерекше шығындар және зиян үшін жауап бермейміз;
(b) біз кез-келген пайдалар немесе шығындар, табыс, түсім, күтілетін пайда, келісім-шарттар, бизнес, «гудвил», іскерлік бедел, деректер немесе ақпарат үшін жауап бермейміз;
(c) біз біздің еркімізге тәуелсіз оқиғаның немесе оқиғалардың нәтижесінде пайда болған кез-келген шығындар және зиян үшін жауап бермейміз.
8. Шығындардың орнын толтыру
Сіз осымен бізді сіздің осы шарттардың немесе ережелердің кез-келген ережесін бұзуыңыздың нәтижесінде бізге келген, немесе сіздің осы шарттардың немесе ережелердің кез-келген ережесін бұзуыңызға қатысты шағым-талаптардың нәтижесінде пайда болған кез-келген зиянның, шығынның, шығындардың, міндеттемелердің және шығыстардың (соның ішінде талаптарды немесе дауларды шешу үшін біздің заңгерлік кеңесшілеріміздің кеңесі бойынша біздің үшінші тұлғаларға төлеген сот шығындары мен басқа да сомаларды қоса) жауапкершілігінен босатасыз және олардан қорғауға кепілдік беруге міндеттенесіз.
9. Осы шарттардың және ережелердің бұзылуы
Осы шарттар және ережелер бойынша біздің құқықтарымызға нұқсан келтірместен, сіз осы шарттарды және ережелерді бұзған жағдайда, біз осы WEB-сайтқа кіру рұқсатын уақытша тоқтата тұруды, осы WEB-сайтқа кіруге тыйым салуды, сіздің осы WEB-сайтқа кіруіңізге жол бермеу мақсатымен сіздің компьютеріңіздің IP адресіне тосқауыл қоюды, сіздің осы WEB-сайтқа кіруңізге тосқауыл қою үшін сіздің Интернет-провайдеріңізге өтініш жасауды, және/немесе сізге қарсы сот ісін қозғауды қоса алғанда, осы бұзылуды түзету үшін, мақсатқа сәйкес деп санаған әрекеттерді қолдана аламыз.
10. Өзгертулерді енгізу
Біз осы шарттарға және ережелерге кез-келген сәтте өзгертулерді енгізе аламыз. Өзгертілген шарттар және ережелер оларды осы WEB-сайтта жариялаған күннен бастап осы WEB-сайтты пайдалануға қатысты қолданылатын болады. Шарттардың және ережелердің қолданыстағы нұсқасымен танысу үшін осы бетті тұрақты түрде қарап отыруды өтінеміз.
11. Құқықтардан шегіну
Біз алдын ала ескертпестен және сіздің келісіміңізді алмастан осы шарттар және ережелер бойынша құқықтарды және/міндеттемелерді бере, қайта сеніп тапсыра немесе басқадай тәсілмен ұсына аламыз.
Сіз осы шарттар және ережелер бойынша құқықтарды және/міндеттемелерді бере, қайта сеніп тапсыра немесе басқадай тәсілмен ұсына алмайсыз.
12. Ережелердің ерекшеленуі
Егер осы шарттардың және ережелердің қандай да бір ережесі сотпен немесе басқа бір құзыретті органмен заңсыз және/немесе заңды күшіне ие емес деп танылса, қалған ережелер қолданыста бола береді. Егер заңсыз және/немесе заңды күшін жоғалтқан ереже жарамды болып қала берсе және заңды күшіне ие болса, егер осы ереженің бір бөлігі алынып тасталса, онда ереженің осы бөлігі шығарылады да, ал ереженің қалған бөлігі қолданысын жалғастыра береді.
13. Үшінші тұлғалардың құқықтарын есепке алмау
Осы ережелер және шарттар біздің және сіздердің мүдделеріңіз үшін әрекет етеді, және үшінші тұлғалардың мүдделері үшін қызмет етуді немесе үшінші тұлғалармен орындалуын өзіне мақсат етіп қояды. Осы ережелер және шарттар бойынша сіздердің және біздің тарабымыздан құқықтардың орындалуы үшінші тұлғалардың келісімін қажет етпейді.
14. Келісімнің жеткілікті сипаты
Осы ережелер және шарттар, құпиялық саясатымен бірге, осы WEB-сайтты пайдалануға қатысты сіздер мен біздің арамыздағы толық келісімді білдіреді, және сол арқылы осы WEB-сайтты пайдалануға қатысты барлық алдыңғы келісімдердің күшін жояды.
15. Қолданылатын құқық және юрисдикция
Осы ережелер және шарттар ағылшын заңына сәйкес реттеледі және түсіндіріледі, және осы ережелер және шарттар бойынша туындайтын дауларды қарап тексеру Англия және Уэльс соттарының ерекшеліксіз юрисдикциясына жатады.
























