Құпиялық туралы саясаты

KBCC (Қазақстан-Британ сауда палатасының) WEB-сайтының құпиялық туралы саясаты

Біз біздің WEB-сайтқа кіретіндер үшін құпиялықты қамтамасыз етуге дайын екенімізді растаймыз; бұл саясатта сіздің жеке ақпаратыңызбен жұмыс жасаудың қағидалары баяндалған.

1. Біз қандай ақпаратты жинаймыз?

Біз келесі жеке ақпараттың түрлерін жинап, сақтай және пайдалана аламыз:

a) сіздің компьютеріңіз, сіздің осы WEB-сайтқа кірулеріңіз және оны пайдалануыңыз туралы ақпаратты (сіздің IP адресіңізді, географиялық орналасу орныңызды, және Web-браузердің түрін, анықтамалық-ақпараттық жүйені, кірудің ұзақтығын және қаралған беттердің санын қоса);
b)
сізбен жасалған, біздің тауарларымызды және қызметтерімізді кез-келген сатып алулар туралы ақпаратты қоса алғанда, сіз бен біздің арамызда, немесе осы WEB-сайт арқылы жасалған мәмілелер туралы ақпаратты;
c)
тіркеу кезінде сіздің бізге ұсынатын ақпаратты;
d) қызметтерге жазылу кезінде, электронды пошта бойынша ескертпе және/немесе жаңалықты жіберу кезінде сіздің бізге ұсынатын ақпаратты;
e) сіз бізге хабарлау қажет деп санаған кез-келген басқа ақпарат.

2. Cookie-файлдар (клиенттік жүйеде сақталатын сәйкестендіру файлдары)

CCookie-файлдар web-сервермен web-браузерге жіберілген және браузерде сақталатын ақпаратты қамтиды. Бұдан кейін ақпарат, браузер серверде бетті сұраған кезде кері қарай серверге әрбір ракқа жіберіледі. Бұл web-серверге web-браузерді сәйкестендіруге және қадағалап отыруға мүмкіндік береді.

Біз cookies сеанстық файлдарын және cookies тұрақты файлдарын WEB-сайтта пайдалана аламыз. Біз cookie сеанстық файлдарын: сіздің WEB-сайт бойынша қозғалуыңызды қадағалап отыру үшін пайдаланамыз. Біз cookies тұрақты файлдарын: сіз WEB-сайтқа кірген кезде ол сізді тани алуы үшін пайдаланамыз.

Cookies сеанстық файлдары сіз браузеріңізді жапқан сәттен-ақ сіздің компьютеріңізден жойылады. Cookies тұрақты файлдары сіз оларды жойғанға дейін не олардың көрсетілген қолданыс мерзімі аяқталғанға дейін сіздің компьютеріңізде сақталады.

Біз осы WEB-сайтты пайдалану жиілігін талдау үшін Google Analytics қызметін пайдаланамыз.  Google Analytics қызметі пайдаланушының компьютерлерінде сақталатын Cookie-файлдар арқылы статистикалық деректерді және WEB-сайтты пайдалану туралы басқа да ақпаратты түрлендіреді. Біздің WEB-сайт бойынша түрлендірілген бұл ақпарат WEB-сайтты пайдалану жөніндегі есептерді жасауға мүмкіндік береді. Бұл ақпарат Google-де сақталады. Google-нің құпиялық туралы ақпаратын: http://www.google.com/privacypolicy.html-ден табуға болады.

Браузерлердің көпшілігінде барлық сookie-файлдарды кері қайтаруға болады, ал кейбір браузерлерде тек үшінші тұлғалардың сookie-файлдарын кері қайтарады. Барлық сookie-файлдарға тосқауыл қою Қазақстан-Британ Сауда Палатасының WEB-сайтын қоса алғанда, көптеген WEB-сайттарды пайдалануға кедергі болуы мүмкін.

3. Сіздің жеке деректеріңізді пайдалану

Осы WEB-сайтта орналастырылған жеке деректер осы құпиялық туралы саясатты немесе WEB-сайттың сәйкесінше бөлімдерінде көрсетілген мақсаттар үшін пайдаланылады.

Біз жеке ақпаратты:

a) WEB-сайтты басқару;
b)
WEB-сайтты дербестендіру жолымен сіздің браузеріңіздің жұмысын жақсарту;
c)
WEB-сайтта қол жеткізуге болатын сервистерді пайдалану;
d)
WEB-сайт арқылы сатып алынған тауарларды жөнелту, сондай-ақ WEB-сайт арқылы қызметтерді көрсету;
e)
үзінді көшірмелерді және шот-фактураларды жіберу, сондай-ақ сіздің тарабыңыздан төлемдерді алу;
f) коммерциялық ұсыныстарды жіберу;
g) сіздің сауалыңыздың негізінде электронды пошта бойынша ескертпелерді жіберу;
h) сіздің бизнесіңізге немесе WEB-сайттың қатысушыларының бизнесіне қатысы болуы мүмкін, біздің пікіріміз бойынша, сіз үшін қызықты болуы мүмкін біздің жаңалықтарды және басқа да коммерциялық сипаттағы хабарларды жіберу, немесе егер бұл жеке келісілетін болса, электронды пошта бойынша немесе басқа ұқсас тәсілмен жіберу (сіз кез-келген уақытта, бізді сізге коммерциялық ұсыныстарды жіберудің қажет еместігі туралы хабардар ете аласыз);
i) үшінші тұлғаларға біздің пайдаланушыларымыз туралы статистикалық деректерді ұсыну – бірақ бұл ақпарат жекелеген пайдаланушыларды еске салуды білдірмейді;
j) осы WEB-сайт бойынша сізбен берілген немесе сіз туралы берілген сауалдармен және шағымдармен жұмыс жасау үшін пайдалануымыз мүмкін.

Сіз жеке ақпаратты біздің WEB-сайтта жариялау үшін ұсынған кезде, біз осы ақпаратты сіздің ұсынатын лицензияға сәйкес жариялай және басқадай тәсілмен пайдалана аламыз.

Сіздің тікелей түрде білдірілген жазбаша келісіміңізсіз, біз сіз туралы ақпаратты KBCC мүшелерінен басқа, үшінші тұлғаларға тікелей маркетингтің мақсаттары үшін ұсынбаймыз.

4. Ақпаратты ашу

Біз, егер бұл осы құпиялық туралы саясатта мазмұндалған мақсаттарға жету үшін парсатты деңгейде қажет болса, сіз туралы ақпаратты біздің кез-келген қызметкерімізге, лауазымды тұлғаға, агентке, жеткізушіге немесе қосалқы мердігерге ашуымыз мүмкін.

Осыған қосымша біз сіз туралы ақпаратты ашуымыз мүмкін:

a) бұл заңмен талап етілетін жағдайларда;
b) кез-келген соттық талаптарға немесе әлеуетті сот талаптарына байланысты;
c) біздің заңды құқықтарымызды белгілеу, орындау немесе қорғау үшін (алдауға жол бермеу немесе несиелік тәуекелдерді азайту мақсатымен басқа тұлғаларға ақпаратты ұсынуды қоса алғанда); және
d) біз сататын (немесе сатуға тілек білдірген) бизнесті немесе активтерді сатып алушыға (немесе әлеуетті сатып алушыға).

Осы құпиялық туралы саясатпен көзделген жағдайлардан басқа кезде, біз үшінші тұлғаларға ақпаратты ұсынбаймыз.

5. Халықаралық деңгейде деректерді беру

Бізд жинайтын ақпарат, біз ақпаратты осы құпиялық туралы саясатқа сәйкес пайдалана алуымыз үшін жұмыс жасайтын елдерде сақталуы, өңделуі және олардың арасында берілуі мүмкін.

Сіз ұсынатын ақпарат деректерді сақтау туралы заңдары жоқ және Еуропалық Экономикалық Аймақтың (EEA) аумағында қолданылатын заңдарға сәйкес елдерге (Қазақстанды қоса) берілуі мүмкін.

Осыған қосымша, сіздің WEB-сайтта жариялау үшін ұсынатын жеке ақпарат, сондай-ақ интернете де жарияланады, және интернет арқылы бүкіл әлемге жеткізіледі.

Сіз жеке ақпаратты беруге өз келісіміңізді тікелей түрде білдіресіз.

6. Сіздің жеке деректеріңіздің қауіпсіздігі

Біз сіздің жеке ақпаратыңыздың жоғалуына, құқыққа қайшы пайдаланылуына немесе өзгеруіне жол бермеу үшін, техникалық және ұйымдық жағынан барлық парасатты шараларды қолданамыз.

Біз сіздің бізге ұсынатын жеке ақпаратыңызды біздің қорғалған серверімізде сақтаймыз (сервер  паролмен және кіруден қорғану жүйесімен жабдықталған). Сіздің жасасатын немесе бізден алатын барлық электронды мәмілелерге SSL технологиясын пайдалану арқылы құпия шартты белгі қойылады.

Өзінен-өзі интернете деректерді беру болмысы жағынан қауіпсіз емес, және біз интернет арқылы берілген деректердің қауіпсіздігіне кепілдік бере алмаймыз.

Сіз пайдаланушының паролінің және реквизиттерінің құпиялығын сақтау үшін жауап бересіз. Біз сіздің пароліңізді сұрамаймыз.

7. Саясатқа түзетулерді және өзгертулерді енгізу

Біз жаңа нұсқаны WEB-сайтымызда жария ете отырып, осы саясатқа кез-келген сәтте өзгертулерді енгізе аламыз. Өзгертулермен танысу үшін осы бетті тұрақты түрде тексеріп отыру қажет.

Біз сондай-ақ құпиялық туралы саясатымыздағы өзгерістер туралы сізді электронды пошта арқылы да хабардар етуіміз мүмкін.

8. Сіздің құқықтарыңыз

Сіз бізден, біз иелік етіп отырған өзіңіз туралы кез-келген жеке ақпаратты сұрата аласыз. Бұндай ақпарат жеке төлемде ұсынылады (қазіргі сәтте төлем 10.00 фунт стерлингті құрайды).

Сіз кез-келген уақытта, сіздің жеке деректеріңіздің маркетингтік мақсаттарда пайдаланылмауы туралы ескертпені бізге электронды пошта арқылы бере аласыз. (Нақты түрде, сіз не өзіңіздің жеке деректеріңізді маркетингтік мақсаттарда пайдалануға өз келісіміңізді тікелей білдіресіз, не біз сізге өзіңіздің жеке деректеріңізді маркетингтік мақсаттарда пайдаланудан бас тартудың мүмкіндігін ұсынамыз).

9. Үшінші тұлғалардың WEB-сайттары

Бұл WEB-сайтта басқа WEB-сайттарға сілтемелер бар. Біз үшінші тұлғалардың WEB-сайттарының құпиялық туралы саясаты немесе жұмыс әдісі үшін жауап бермейміз.

10. Ақпаратты жаңалау

Егер, бізде бар жеке ақпаратты жаңарту немесе өзгертулерді енгізу қажет болса, бізге хабарлауды өтінеміз.

11. Байланысу деректері

Егер сізде құпиялық туралы саясат жөнінде, немесе сіздің жеке деректеріңізбен жұмыс жасау әдістеріне қатысты сұрақтар туындаса, электронды поштаға info@kbcc.org.uk немесе кәдімгі мекен-жайға жазуыңызды өтінеміз:

13 АВЕНЮ
ЭЙЛСФОРД
КЕНТ
БІРІККЕН КОРОЛДІК
ME20 7LQ

12. Деректерді басқару блогы

Осы WEB-сайт үшін жауапты, деректерді басқару блогы KBCC limited болып табылады.