Жауапкершілікті шектеу

WEB-сайт бойынша KBCC жауапкершілігін шектеу туралы мәлімдеме

1. Кіріспе

Жауапкершілікті шектеу туралы осы мәлімдеме осы WEB-сайтты пайдалануды реттейді; Осы  WEB-сайтты пайдалана отырып, сіз осы жауапкершілікті шектеу туралы осы мәлімдемені толық қабылдайсыз. Егер сіз осы жауапкершілікті шектеу туралы осы мәлімдеменің қандай да бір бөлігімен келіспесеңіз, сіз осы WEB-сайтты пайдаланбауыңыз керек.

2. Зияткерлік меншік құқығы

Егер басқаша көрсетілмеген болса, осы WEB-сайтқа берілген зияткерлік меншік құқығы, сондай-ақ осы WEB-сайтта орналастырылған материалдар бізге немесе біздің лицензиаттарға тиесілі. Төменде келтірілген лицензияға сәйкес, барлық зияткерлік меншік құқықтары тіркелген.

3. WEB-сайтты пайдалануға берілген лицензия

Сіз тек кэш-жадыда ғана беттерді қарап және материалдарды сақтай аласыз, сондай-ақ WEB-сайттан алынған ақпаратты жеке пайдалану үшін төменде және бұдан ары осы шарттарда және ережелер көрсетілген шектеулерге сәйкес басып шығара аласыз.

Тыйым салынады:

a) осы WEB-сайттан алынған материалды қайта басып шығаруға (материалды басқа WEB-сайтта жариялауды қоса алғанда);
b) осы WEB-сайттың материалдарын сатуға, жалға беруге немесе қосалқы лицензияны ұсынуға;
c) осы WEB-сайттың материалдарын жұртшылыққа көрсетуге;
d) осы WEB-сайттың материалын коммерциялық мақсаттарда өндіруге, қайталап шығаруға, көшіріп басуға немесе басқадай тәсілмен пайдалануға;
e) WEB-сайттың материалын редакциялауға не басқадай тәсілмен өзгертуге; немесе
f) осы WEB-сайттың материалын таратуға (сайта орналастырылған, таратуға арналған контентті қоспағанда, бұл туралы белгілі бір және нақты үлгіде көрсетілген. (мысалы, біздің ақпараттық бюллетень).

Осы WEB-сайттың контенті арнайы таратуға арналған жағдайда, бұл контент тек біздің компанияның шегінде ғана таратыла алады.

4. Жауапкершілікті және кепілдіктерді шектеу

Біз осы WEB-сайтта орналастырылған ақпараттың дұрыс болуын қамтамасыз ету үшін күш салатынымыз себепті, біз оның толық және дәл болуына қатысты кепілдік бермейміз; біз сондай-ақ осы WEB-сайттағы материалдарға қол жеткізуді және жаңартуды қамтамасыз етуге міндеттенбейміз.

Барлық заңмен белгіленген жағдайларда, біз осы WEB-сайтқа және оны пайдалануға қатысты барлық өтініштерді, кепілдіктерді және ережелерді (соның ішінде, заңмен көзделген қанағаттанарлық сапасы, мақсаты бойынша пайдалануға жарамдылығы туралы және/немесе кәсіби қатысы және талаптану туралы кез-келген кепілдіктерді) есепке алмаймыз.

Осы жауапкершілікті шектеу туралы осы мәлімдемедегінің (немесе осы WEB-сайттағының) ешқайсы да біздің салақтығымызға байланысты орын алған алдану, қайтыс болу немесе жарақат алу оқиғасы үшін біздің жауапкершілігімізді немесе қолданыстағы заңға сәйкес жоққа шығаруға немесе шектеуге келмейтін кез-келген басқа жауапкершілікті теріске шығармайды және шектемейді.

Осыған сәйкес, біздің осы WEB-сайтқа қатысты, сондай-ақ осы жауапкершілікті шектеу туралы мәлімдемеге байланысты, келісім-шарттың немесе деликттің (салақтықты қоса алғанда) немесе басқа құқыққа қайшы әрекеттің күшінен туындаған, сіздердің алдыңыздағы жауапкершілігіміз келесі тәсілмен шектелетін болады:

a) осы WEB-сайтқа кіру, сондай-ақ осы WEB-сайттың ақпараты және сервистері тегін негізде ұсынылатын жағдайларда, біз кез-келген сипаттағы шығындар және зиян үшін жауап бермейміз;
b) біз кез-келген жанама, болмашы немесе ерекше шығындар және зиян үшін жауап бермейміз;
c) біз кез-келген пайдалар немесе шығындар, табыс, түсім, күтілетін пайда, келісім-шарттар, бизнес, «гудвил», іскерлік бедел, деректер немесе ақпарат үшін жауап бермейміз;

5. Өзгертулерді енгізу

Біз осы жауапкершілікті шектеу туралы мәлімдемеге кез-келген сәтте өзгертулерді енгізе аламыз. Өзгертілген шарттар және ережелер оларды осы WEB-сайтта жариялаған күннен бастап осы WEB-сайтты пайдалануға қатысты қолданылатын болады. Шарттардың және ережелердің қолданыстағы нұсқасымен танысу үшін осы бетті тұрақты түрде қарап отыруды өтінеміз.

6. Келісімнің жеткілікті сипаты

Осы жауапкершілікті шектеу туралы мәлімдеме, құпиялық саясатымен бірге, осы WEB-сайтты пайдалануға қатысты сіздер мен біздің арамыздағы толық келісімді білдіреді, және сол арқылы осы WEB-сайтты пайдалануға қатысты барлық алдыңғы келісімдердің күшін жояды.

7. Қолданылатын құқық және юрисдикция

Осы жауапкершілікті шектеу туралы мәлімдеме ағылшын заңына сәйкес реттеледі және түсіндіріледі, және осы ережелер және шарттар бойынша туындайтын дауларды қарап тексеру Англия және Уэльс соттарының ерекшеліксіз юрисдикциясына жатады.

8. Тіркеу және рұқсат беру

Сауда Палатасының сауда белгісін пайдалануға Біріккен Королдікте рұқсат берілген және Британдық Сауда Палатасымен бекітілген

ҚҚС Номері 948 5483 72

9. Біздің реквизиттер

Біздің компанияның толық атауы KAZAKH – BRITISH CHAMBER OF COMMERCE LIMITED. (ҚАЗАҚСТАН-БРИТАН САУДА ПАЛАТАСЫ).

Біз Англияда және Уэльсте 06781644 тіркеу номерімен тіркелгенбіз.

Наш юридический адрес

13 АВЕНЮ
ЭЙЛСФОРД
КЕНТ
БІРІККЕН КОРОЛДІК
ME20 7LQ

Сіз бізбен электронды пошта арқылы байланыс жасай аласыз info@kbcc.org.uk.