Сәлем жолдауы

Қазақстан Республикасының Біріккен Королдіктегі Елшісінің және Қазақстан- Британ Сауда-Өндірістік Палатасы Президентінің Сәлем жолдауы.

kz_flagsҚазақстан-Британ Сауда-Өндірістік Палатасының (“Палата” немесе “ҚБСӨП”) Патроны және Президенті ретінде біз Сіздерді осы өсіп келе жатқан ұйымның мүшесі болуға шақырудың мүмкіндігін пайдаланғымыз келеді. Қазақстанның Біріккен Королдіктегі жұмыстарының алдыға жылжуына көмек көрсетуші іскер қауымдастықтардың бірі ретінде, біздің мақсатымыз қазақстандық және британдық мүшелерге ұжымдық күш-қуатты және барлық қатысушылардың қол жеткен жетістіктерін пайдалана отырып табысты екі жақты іскерлік қатынастарды қалыптастыруға және дамытуға көмек көрсету болып табылады.
Палатаға мүше болудың ең маңызды элементі қауымдастықтың бизнес-жетекшілерімен қатынас жасаудың және іскерлік байланыстарды орнатудың мүмкіндігі болып табылады, сондай-ақ басқа аймақтық Палаталармен, халықаралық жетекші қаржы институттарымен және жетекші сауда-өндірістік кәсіпорындарымен екі елдің де космополитизмін үйлестіре және саяси шекараларды ысыра отырып әріптестік жасауымыз бізге неғұрлым тиімді маркетингті қамтамасыз етуге және халықаралық кең деңгейдегі тәжірибе алмасуды ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Палатаға мүше болудың басқа аса маңызды ерекшелігі – бұл саудалық қаржыландыру, экспорттық несиелеу, салық салу және т.б. мәселелерде қатысушыларымыздың мүдделерін тиімді ұсына білу қабілетіміз.

Біз Қазақстанның және Біріккен Королдіктің жетекші компанияларының кәсіпкерлік түйсігін және күш-қуатын бірге біріктіреміз. Жұмыс жасай және күшімізді бөле отырып, біз алдыға қарай бірге жылжимыз.

Біз Сіздерді, мақсаттарымызға қол жеткізуде бірлесіп жұмыс жасау үшін бізге қосылуларыңызға шақырамыз. Мүмкін Сіздердің біздің Палатамызға пайда әкеле алатын жаңа ойларыңыз бар шығар, немесе, мүмкін, біз Сіздерге қызығушылық тудыратын жобамен жұмыс жасап жатқан шығармызе. Біз Сіздердің қосатын үлестеріңізге қуаныш білдіреміз.

Біз Сіздерді өзіміздің жаңа қатысушымыз ретінде қабылдаймыз деп үміттенеміз, және біз Сіздердің бізбен бөлісетін ойларыңыз бен жаңалықтарыңызды көздің қарашығындай сақтауға уәде береміз.”

Шын жүрекпен Сіздердің,

Е.П.  Г. Кайрат Абусеитов
Қазақстанның Ұлыбританиядағы Елшісі

Д-р Роза Кашкенбаева
Президент, ҚБСП