Қазақстан-Британ Сауда-Өндірістік Палатасы – бұл Сіздің іскерлік ресурсыңыз. Сіз трансұлттық корпорация болып табыласыз ба немесе жеке кәсіпкерсіз бе, оған қарамастан, ҚБСӨП-тің қызметтері компаниялардың кең спектріне арналып жасалған. ҚБСӨП қызметтерінің ауқымды қатары Сіздің бизнесіңіздің тиімділігін арттыруға арнайы бағытталған. Сіз бизнесіңізді шет елде кеңейткіңіз келеді ме немесе өз бизнесіңізді тиісті деңгейде ұстағыңыз келеді ме, ҚБСӨП-ке мүшелік Сіздің мақсаттарыңызға көмектеседі.
Біздің сараптамалық қызметтеріміз халықаралық сауданы жүргізудің, инвестициялар және экспорт жөніндегі заңдық базаның әртүрлі мәселелері жөнінде ағылшын, қазақ және орыс тілдеріндегі бизнес кеңес берулерді қамтиды. Біз Қазақстандағы және Ұлыбританиядағы үкімет орындарымен байланыс жасауға көмектесеміз және қатысушыларымыздың мүдделерін белсенді түрде білдіреміз. Біз сәйкесінше нарықтарда әлуетті әріптестерді табуда, зерттеулерді жүргізуде және тауарларды, жаңа технологияларды, техниканы және қызметтерді жылжытуда көмектерді ұсынамыз.
























