Палатаға мүше болудың ең маңызды элементі қауымдастықтың басқа бизнес-жетекшілермен қатынас жасаудың және іскерлік байланыстарды орнатудың мүмкіндігі болып табылады. Басқа аймақтық Палаталармен әріптестік жасауымыз және саяси шекараларды ысырып тастау бізге неғұрлым тиімді маркетингті қамтамасыз етуге және тәжірибе алмасуды ұйымдастыруға мүмкіндік берді.
ҚБСӨП Сіздерге біздің қатысушыларымыз бен әріптестеріміздің кең желісі арқылы жаңа қатынастарды орнатуға және жаңа клиенттерді алуға көмектеседі.
ҚБСӨП-тің Лондондағы, Алматыдағы және Астанадағы офистері іс-шаралардың, іскерлік семинарлардың және брифингтердің бағдарламасын жүргізеді. ҚБСӨП-тің барлық іс-шаралары байланыстарды орнатуға, жаңа коммерциялық жобаларды және Сіздің бизнесіңізді дамытудың жолдарын зерттеуге мүмкіндікті ұсынады. Біз ыңғайлы және бейресми ортадағы қатынасты орнату үшін, қатысушыларымыздың Палатаның, іскерлік түскі астар және тақырыптық брифингтер сияқты іс-шараларына белсенді қатысуына қолдау көрсетіп отырамыз.
Сонымен қатар, біздің Палатамыз басқа аймақтық Палаталармен және конференциялардың ұйымдастырушыларымен әріптестік жасайды. Палатаның әрбір мүшесі қатысудың лайықты деңгейін таңдап ала және тек ҚБСӨП мүшелеріне ғана ұсынылатын елеулі жеңілдіктерді пайдалана алады. Біз қатысушыларымыздың Біздің компанияны жаңа іскерлік әріптестерге ұсынудың мүмкіндігін толық көлемде пайдалануының мүмкіндігін қолдап отырамыз.
























