1992 жылы дипломатиялық қатынастарды орнатқан сәттен бастап, Қазақстан Республикасы мен Ұлыбритания арасындағы экономикалық байланыстар күн өткен сайын нығайып келеді. Екі жақты сауданың және инвестициялық ағындардың тез өсуі экономикалық қайта құрулар, халықаралық саудаға ашық болуы және инвестициялық және саяси тұрақтылығы көзқарасы тұрғысынан Қазақстанның аймақтық жетекші ретіндегі орнын көрсетеді.
Қазақстан мен Ұлыбритания арасындағы тауар айналымы 2003 жылғы 395 млн. АҚШ долларынан 2008 жылы 2,5 млрд. АҚШ долл. дейін тұрақты өсіп отырды. Қазақстанның табиғи ресурстарының байлығын ескере келе, Қазақстан экспортының басты құраушысы – минералдық ресурстар, феррохром, болат, мыс, шикізат, тыңайтқыштар, бағалы және жартылай бағалы металдар. Қазақстанға британдық экспорт техникалық құрал-жабдық, көлік құралдарын, оптикалық құралдарды, химиялық, алкоголь өнімдерін және темекі өндіруді, мата, тағам өнеркәсібін және басқаларын қамтиды.
Біздің елдеріміздің арасындағы гүлденген экономикалық қатынастар өсу үстіндегі әріптестікпен сипатталған – британдық инвесторлардың қатысуымен 128 қазақстандық компания Қазақстанда тіркелген, олардың 57-сі бірлескен кәсіпорындар және 71-і, британдық компаниялардың өкілдік офистері болып табылады. Ұлыбританияның жетекші мұнайгаз корпорацияларында, сондай-ақ Ұлыбританияның кейбір ірі мердігерлерінде Қазақстанға деген күшті инвестициялық қызығушылық бар. Мұнай кен орындарына қызмет көрсету және мұнайды жеткізу жөніндегі көптеген шағын компаниялар ішкі нарықта, әдетте қазақстандық компаниялармен әріптестікте, бекіді.
Біздің елдеріміз арасындағы инвестициялық ағындар да өсу үстінде. Дәстүрлі түрде, Ұлыбритания – Қазақстанның экономикасына жетекші инвесторлардың бірі – шет елдік инвестициялардың жалпы құйылу көлемі бойынша үштен бірін құрайды – 2008 ж. соңындағы жағдай бойынша 14 млрд. АҚШ долл. Қазақстанның британдық экономикаға инвестицияларының жалпы сомасы 1993-2008 ж. кезең ішінде 5.4 млрд. АҚШ долл. құрады (Қазақстаннан тікелей инвестициялар еншілес және кіріккен кәсіпорындарға қойылатын талаптар мен олардың алдындағы міндеттемелердің арасындағы айырма ретінде (нетто) анықталады). Қазақстандық ондаған компания 2005 жылдан бері 10 миллиард доллардан астам көлемімен Лондонның қор биржасында IPO-дан өтті.
























