Орта Азияның жүрегінде көліктік, әлеуметтік, экономикалық және мәдени байланыстардың қиылысында орналасқан Қазақстан өткен тарихы мен мәдениеті бай қазіргі заманғы көп ұлтты қоғам болып табылады. Қазақстанның, әлемде көлемі жағынан 9-шы орынды алатын, халқының саны 16 миллионнан асатын елдің аумағында 130-дан астам ұлттың өкілдері тұрады.
1991 ж. тәуелсіздікті алған сәтінен бастап Қазақстан қабылданған бірқатар әлеуметтік, экономикалық және саяси қайта құрулардың нәтижесінде аймақтағы тез экономикалық өсуді бастан өткізді. 2000 жылдан бастап ІЖӨ өсімінің орташа қарқыны шамамен 8.5% құрай отырып, ел әлемнің ең тез өсіп келе жатқан экономикасының арасынан орын алады және сөзсіз орта азиялық басқа мемлекеттердің барлығынан да озып кетті.
Күшті макроэкономикалық көрсеткіштерінің арқасында Қазақстан өзінің барлық қарыздарын Халықаралық валюта қорына 2000 жылы, мерзімінен жеті жыл бұрын өтеген, бұрынғы кеңестік республиканың алғашқысы болды. Қазақстан 2001 жылы ЕО-тағы нарықтық экономикалы елдің мәртебесі ұсынылған ТМД-ғы алғашқы ел болды. 2002 ж. наурыз айында, американдық сауда министрлігі Қазақстанға американдық сауда құқығы бойынша нарықтық экономикалы мемлекеттің мәртебесін берді. Мәртебедегі өзгерістер валютаның айырбасталымдылығы, жалақының нормалары, шет елдік инвестицияларға ашықтық және өндіріс құралдарын және ресурстарды бөлуді мемлекеттік бақылау саласындағы нарықтық экономиканың тәуелсіз реформалармен танылды. 2002 ж. қыркүйек айында Қазақстан Moody’s халықаралық рейтингтік агенттігінен инвестициялық топтағы несиелік рейтингті алған, ТМД-ғы алғашқы ел болды. 2005 жылдың қаңтар айында Экономикалық әріптестік және Даму жөніндегі Ұйым (ЭӘДҰ) Қазақстанды тәуекелдер тобының 5-нен 4-ге дейін орнын ауыстырып, Қазақстанның экспорттық тәуекелін бағалауды өзгертті.
БҰҰ-ның, өмір сүру деңгейінің әлемдік рейтингінде келтірілген деректері бойынша, Қазақстандағы білім беру деңгейі әлемдік орташа деңгейден жоғары. Әлемнің 72 елінің арасында білім беру деңгейінің индексі бойынша Қазақстан жаңа мың жылдықтың басында 35 орында болды. Және де бұл көрсеткіші бойынша Қазақстан тіпті әлемнің Швеция, Люксембург, Сингапур сияқты дамыған елдерін басып озып, Италияға, Жапония мен Швейцарияға жақындады.
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ САУДА
Қазақстанның сыртқы саудасының тауар айналымы да осындай әсерлі қарқынмен өсіп келеді. Өткен он жылдықта жылдық орташа өсу қарқыны 19,1 % құрай отырып (әлемдегі ең жоғары көрсеткіштердің бірі), сыртқы сауда айналымы 2008 жылы 109,1 млрд. АҚШ долл. құрады, 2007 жылмен салыстырғанда (80,5 млрд. АҚШ долл.) 35,5% артты. Осылайша, Қазақстан тауар айналымы 100 млрд. АҚШ долл. асатын әлемнің жетекші 35 елінің қатарына енді.
Қазақстанның өнім экспортының көлемі 2008 жылы 71,2 млрд. АҚШ долл. құрады және 2007 жылмен салыстырғанда (47,8 млрд. АҚШ долл.) 49,1% артты. Қазақстандық тауар экспортының көп бөлігі (84,4%) алыс шет елдің мемлекеттеріне тиесілі (60,1 млрд. АҚШ долл.), ТМД елдеріне 2008 жылы 11,1 млрд. АҚШ долл. сомасында (15,6%) қазақстандық тауарлар шығарылды. Қазақстандық өнімнің негізгі сатып алушылары: Италия (жалпы экспорт көлемінің 16,7%), Швейцария (15,8%), Қытай (10,8%), Ресей Федерациясы (8,7%), Франция (7,6%), Нидерланды (6,5%), Иран (2,9%) болып табылады.
Жалпы экспорт көлемінде 2008 жылы ең көп үлес салмағын құрағандар:
- минералдық өнімдер (73%),
- металдар және олардан жасалған өнімдер (15,2%),
- малдардан және өсімдіктен алынған өнімдер, дайын азық-түлік тауарлары (4,2%),
- химиялық және онымен байланысты өнеркәсіп салаларының өнімі (каучуктар мен пластмассаны қоса) (3,5%),
- машиналар, құрал-жабдықтар, көлік құралдары, аспаптар және аппараттар (1,8%).
Қазақстан нарығына импорттың көлемі 2008 жылы 37,9 млрд. АҚШ долл. құрады және 2007 жылмен салыстырғанда (32,8 млрд. АҚШ долл.) 15,7% артты. 2008 жылы алыс шет елдерден 20,4 млрд. АҚШ долл. сомасына (53,8%), ТМД елдерінен – 17,5 млрд. АҚШ долл. сомасына (46,2%) тауарлар әкелінді. Импорттық өнімнің негізгі жеткізушілері: Ресей Федерациясы (жалпы импорт көлемінің 36,3%), Қытай (12%), Германия (6,8%), АҚШ (5,1%), Украина (5,6%), Италия (3,3%), Франция (2,1%) болып табылады.
Жалпы импорт көлемінде 2008 жылы ең көп үлес салмағын құрағандар:
- машиналар, құрал-жабдықтар, көлік құралдары, аспаптар және аппараттар (40,8%),
- минералдық өнімдер (15,8%),
- металдар және олардан жасалған өнімдер (16,8%),
- химиялық және онымен байланысты өнеркәсіп салаларының өнімі (каучуктар мен пластмассаны қоса) (10,5%),
- малдардан және өсімдіктен алынған өнімдер, дайын азық-түлік тауарлары (7,9%);
- ағаш және одан жасалған өнімдер (2,8%).
Қазақстанның БСҰ-на жұмыс тобының мүдделі мүше-елдерінің қатысуымен енуі жөнінде келіссөздер жүргізілуде. Жалпы алғанда, Қазақстанның БСҰ-на енуі жөніндегі жеті жылдың ішінде жүргізілген жұмыстардың қорытындысы бойынша, келіссөз үдерісінің елдің БСҰ-ға болашақ мүше болуының өлшемдерін жан-жақты талқылаудың арнасына нақты ауысуы байқалды деп айтуға болады.
ИНВЕСТИЯЛАР
Бүгінде, халықаралық сарапшылардың бағалауы бойынша, Қазақстан әлемнің шет елдік инвестициялар үшін ең тартымды елдерінің қатарына кіреді. Тікелей шет елдік инвестицияларды тарту Индексінің рейтингі бойынша Қазақстан Республикасы 2007 жылы 141 елдің арасынан 23-ші орынды иеленді. Дүние жүзілік «Doing Business» Банкының рейтингі бойынша Қазақстан 2008 жылдың ішінде жоғары қарай он орынға көтерілді (80-нен 70-ке).
Тікелей шет елдік инвестициялар Қазақстанда, инвестициялардың басты көзі ретінде ЕО елдерімен бірге, Орталық Азия экономикасына құйылған барлық капиталдың шамамен 80 % құрайды.
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкының деректері бойынша, 1993 жыл мен 2008 жыл аралығындағы қоса алғандағы кезеңде тікелей шет елдік инвестициялардың (бұдан ары – ТШИ) қазақстандық экономикаға құйылуы шамамен 166 млрд. АҚШ долл. құрады. 2008 жыл ішінде ТШИ-дың жалпы құйылуы 19,8 млрд. АҚШ долл. құрады.
Қазақстанның негізгі инвестор – елдері: АҚШ – 32 млрд. АҚШ долл. (Қазақстанға ТШИ-дың жалпы құйылу көлемінің 19.2%), Нидерланды – 30 млрд. АҚШ долл. (18.1%), Ұлыбритания – 14.1 млрд. АҚШ долл. (8,5%) болып табылады.
Экономикалық қызметтің түрлері бойынша ТШИ-дың жалпы құйылуының құрылымында тікелей инвестициялардың негізгі салымдары бұрынғысынша геологиялық барлаулар мен іздестірулерді жүргізу жөніндегі қызметке жүргізілді, оған ТШИ жалпы түсімдерінің сомасының 41,9% тиесілі (40,3% - 2007 жылы), шикі мұнайды және табиғи газды өндіруге – 22,2% (31,6%), сондай-ақ қаржылық делдалдыққа – 15,7% (2,9%). Жалпы алғанда 2008 жылы республиканың мұнайгаз саласына ТШИ-дың құйылуы 8,5 млрд. АҚШ долл. асты, бұл базалық кезеңмен салыстырғанда 5% артық.
Қол жеткізілген көрсеткіштер Қазақстанда қалыптасқан, жетілдірілген инвестициялық заңмен, инвестицияларды қолдаудың тартымды шараларымен, сондай-ақ экономикалық және саяси тұрақтылықпен қолдау көрсетілетін қолайлы бизнес-климатқа байланысты.
Қолайлы инвестициялық климаттың болуынан басқа, инвесторлардың инвестицияларды салу туралы шешімді қабылдауына әсер ететін негізгі факторлардың бірі өткізу нарығының көлемі болып табылады. Энергетикалық ресурстарының және сыймды нарықтардың болуы Қазақстанды экспортқа бағыт ұстанған өндірісті дамыту үшін тиімді және ыңғайлы базаға айналдырады. ҚР Индустрия және сауда Министрлігінің бағалауы бойынша, Орталық Азияның және Қазақстанмен шекаралас Ресей мен Батыс Қытайдың тұтыну нарықтары жарты миллиардтан астам адамды қамти алады.
Қазақстандағы инвестициялық қызметті жүзеге асырудың құқықтық негіздері 2003 жылғы 8 қаңтардағы «Инвестициялар туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен реттеледі, ол өтпелі экономикалы елдердегі ең үздік заңдардың бірі ретінде танылған. Бұл Заңмен халықаралық практикадағы инвесторлардың құқығын қорғаудың барлық кепілдіктері көзделген, мысалы, табыстарды пайдаланудың кепілдіктері, мемлекеттің қарамағына алу және иеліктен айыру кезіндегі кепілдіктер, келісім-шарттардың тұрақтылығының кепілдіктері және басқалары. Сондай-ақ, Заң Қазақстан экономикасының басым бағыттағы салаларында жүзеге асырылатын инвестицияларға мемлекеттік қолдау көрсетудің шараларын да көздейді, олар отандық, сонымен бірге шет елдік инвесторларға да тең дәрежеде қолданылады.
2009 жылдың қаңтар айында жаңа салық заңы қабылданды, оған сәйкес корпоративтік салықтың мөлшерлемесі 2009 ж. 20% дейін, 2010 ж. 17.5% және 2011 ж. 15% дейін төмендетілетін болады. Бұл Қазақстанның инвестициялық тартымдылығын недәуір дәрежеде арттыратын болады, өйткені тіпті Ресей сияқты көршілес елдердің өзінде корпоративтік салықтың мөлшерлемесі біршама жоғары.
Жергілікті заңнамамен қатар, қазіргі уақытта Қазақстан басқа мемлекеттермен инвестицияларды ынталандыру және өзара қорғау туралы 42 Келісімді бекітті.
ҰЛТТЫҚ ӨНДІРІС
Қазақстан мұнайдың әлемдік барланған қорлары бойынша 5.3 млрд. тонна қорының деңгейімен әлемде 9-шы орынды иеленеді. Оның алдында тек Сауда Аравиясы, Иран, Ирак, Кувейт, БАӘ, Венесуэла, Ливия және Ресей ғана бар. Республиканың әлемдік барланған қорлардағы үлесі мұнайдың 3,2% және газ бойынша 1% астамын құрайды.
Қазақстанның Энергетика және минералдық ресурстар Министрлігінің деректері бойынша, мұнайды өндіру, газ конденсатын қоса алғанда, 2008 жылы 70.6 миллион тонна мұнай және газ конденсатына жетіп, алдыңғы жылмен салыстырғанда 5%-ға артты. Мұнайдың таза экспорты 62.8 миллион тоннаны құрады. 12,3 млн.тонна мұнай қайта өңделді және: бензин 2 491,1 мың тонна, дизель отыны – 3 898,0 мың тонна, мазут – 3 134,7 мың тонна, авиакеросин – 399,2 мың тонна өндірілді. Қазақстанда газды өндіру 2008 жылы 33.5 миллиард текше метрге жетті, газдың таза экспорты 5.6 миллиард текше метрді құрады. Тауарлық газды өндіру көлемі 16,1 млрд. текшее м құрады. Республика облыстарының табиғи газды тұтынуының көлемі 8,9 млрд. текше м. құрады, бұл 2007 жылғы тұтыну көлемінен 3,9% артты. 2009 жылғы 1 қаңтардағы күйі бойынша республиканың жер астындағы газ сақтау қоймаларындағы табиғи газдың көлемі 1,9 млрд. текшее м. құрады. Болжамдар бойынша мұнай және газды өндіруді 2010 жылы 80 млн т мұнай және 47 млрд м3 газға дейін арттыру, ал 2015 жылы – сәйкесінше, 130 млн т және 50 млрд м3 жеткізу ұйғарылған.
Республиканың мұнайгазды аудандары, оларда 172 мұнай кен орны және 42 конденсатты кен орны орналасқан (соның ішінде 80 астамы өңделу үстінде), Қазақстан аумағының шамамен 62% алып жатыр. Қазақстандағы мұнайдың негізгі қорлары (90% астамы) аса ірі 15 кен орнында шоғырланған – Теңіз, Қашаған, Қарашығанақ, Өзен, Жетібай, Жаңажол, Қаламқас, Кеңқияқ, Қаражанбас, Құмкөл, Солтүстік Бозашы, Әлібекмола, Прорва Центральная және Восточная, Кенбай, Королевское, жартысы – аса алып Қашаған және Теңіз мұнай кен орындарында.
Мұнайгаз қорларының молынан болуымен қатар, Қазақстан әлемде хромның қорлары бойынша бірінші орында, уранның қорлары бойынша – екінші орында, мырыштың қорлары бойынша – үшіші орында, қорғасынның қорлары бойынша – төртінші орында, сондай-ақ көмірдің, темірдің, күмістің және алтынның қорлары бойынша бірінші ондықтағы орынды иеленеді. Қазақстан сондай-ақ алмастарды да экспорттайды.
Ауыл шаруашылығы 2008 жылы Қазақстанның ЖІӨ-не 7 миллиардтан астам АҚШ долларын әкелді. Астық және үй малы – ауыл шаруашылығы өндірісі өнімінің негізін құрайды. Ел аумағының шамамен 85%-ы ауыл шаруашылығы өндірісіне қолайлы болып табылады, жұмыс күшінің 47%-ы аграрлық секторда жұмыспен қамтылған. Дәстүрлі түрде, мал шаруашылығы – ауыл шаруашылығының басымдыққа ие қызметі. Мал шаруашылығының басты өнімдері – сүт өнімдері, тері, ет және жүн. Елдің басты дәнді дақылдарына бидай, арпа, мақта және күріш жатады.
Тұрақты валютаның негізгі көзі астықтың экспорты Қазақстанның экспорттық саудасындағы жетекші тауарлардың арасынан орын алады. ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің деректері бойынша, Қазақстан астықты экспорттаушы әлемдік 8 елдің қатарына енеді, ал ұнның экспорты бойынша 2008 жылы әлемде бірінші орынды иеленді. Астықтың экспортының көлемі бойынша Қазақстан АҚШ, Канада, Австралия, Еуропалық Одақ, Ресей, Аргентина және Украина сияқты елдерден алда тұр.
Астықтың экспорты 2008 жылы, ұнды астыққа балама түрде есепке алғанда, өнімнің 15,6 млн тоннасы кезінде 6 млн тоннаны құрады. Қазақстандық астықты және ұнды экспорттаудан түскен табыстар 2008 күнтізбелік жылда 2,5 млрд АҚШ долларын құрады. Жалпы, соңғы 3 ауыл шаруашылығы маусымында астықтың орташа жылдық өнімі 17,4 млн тоннаны, ал экспорттың көлемі, ұнды астыққа балама түрде есепке алғанда – 8 млн тоннаны құрады.
ӘЛЕМДІК ДАҒДАРЫСТЫҢ САЛДАРЛАРЫ
2007 жылдың ортасынан бастап, Қазақстанның экономикалық тез өсуіне жаһандық дағдарыс қолайсыз әсер етті. Капиталдың құйылуының төмендеуі, мұнайға және басқа да шикізат өнімдеріне әлемдік бағалардың құлдырауы, сондай-ақ, қолайсыз сыртқы жағдайлар, көбі күткендей, 2009 жылы өсу қарқынының 2-3 % азаюына әкеледі. Дағдарысты экономикалық жағдайларға жауап ретінде, Қазақстанның үкіметі қаржылық секторды тұрақтандыру және ауыл шаруашылығын, өндірісті және өнеркәсіптің инфрақұрылымын қоса алғанда, нақты экономиканың стратегиялық секторларын қолдау жолымен жаһандық дағдарыстың Қазақстанның экономикасындағы салдарымен күресудің үйлестірілген және мақсатты шаралардың кешенін жасады. Ағымдағы экономикалық саясаттың басым бағыттары – бұл экономиканы әртараптандыру, атап айтқанда, елдің табиғи ресурстарға тәуелділігін азайту үшін өндірістің басқа салаларын нығайту.
Қазақстанның экономикасы, 2008 жылғы негізгі көрсеткіштер:
- ЖІӨ* (1-12′2008) – 135 млрд.USD
- Өнеркәсіп өндірісі – 84 млрд.USD (өсім 2,1 %)
- Негізгі капиталға инвестициялар – 31,7 млрд.USD (өсім 4,6%)
- Орташа жалақы – 59 722 теңге
- Елдің халықаралық резервтері, Ұлттық қордың резервтері – 46,7 млрд.USD (31.12.2008 ж. жағдай бойынша)
- Қайта қаржыландыру мөлшерлемесі (%) -10.5 (2008 ж. жағдай бойынша)
- Тікелей шет елдік инвестициялар, 2008 –19.8 млрд. АҚШ долл.
- Сыртқы сауда айналымы, 2008 – 109,1 млрд.USD (өсім 39,9 %)
- 283744 заңды тұлға тіркелді
КӨЗДЕР: Қазақстан Республикасының Индустрия және Сауда Министрлігі, Қазақстанның Ұлттық Банкы
























