Ақпараттық Орталық

newsҚБСӨП, Қазақстандағы және Ұлыбританиядағы нақты нарықтар жөніндегі қазіргі заманғы сенімді бизнес-ақпаратқа және сараптамалық кеңестерге қол жеткізуді қамтамасыз ету үшін, бірегей ақпараттық орталықты құрудың мақсатымен құрылған. Ақпараттық арналардың кең ауқымын пайдалана отырып біз сыртқы нарықтардағы қызметке тартылған компаниялар мен кәсіпқойлар арасындағы ақпаратты қарқынды алмасудың платформасын қамтамасыз етеміз.ҚБСӨП-тің барлық қатысушылары Палатаның вебсайтының іскерлік анықтамалығында өздерінің деректерін және өз вебсайтына сілтемені тегін орналастыра алады.

  • ҚБСӨП біздің қатысушыларымызға жергілікті соңғы жаңалықтарды ұсыну, сондай-ақ аймақтық экономикалық факторларды түсіну үшін, Қазақстандағы ең ірі ақпараттық агенттіктермен (Казахстан сегодня, Интерфакс Қазақстан және т.б.) жұмыс жасайды. ҚБСӨП сондай-ақ қатысушылардың жаңалықтарын вебсайт Жаңалықтарының секциясында да жариялайды.
  • Жаңа қатысушылар компания туралы ақпаратты және жарнаманы біздің брошюраға тегін орналастыра алады
  • ҚБСӨП іс-шараларды және мүшелеріміздің қызметінің жылжу бағытын жария етудің мақсаттарында вебсайтта ай сайынғы Іс-шаралардың Күнтізбесін үйлестіріп отырады. ҚБСӨП-тің қатысушылары, іскерлік орталарда өзін таныстыру және қауымдастыққа өзінің қолдауын көрсету үшін іс-шараларға демеушілік көрсете алады.
  • ҚБСӨП, қатысушылардың жаңалықтары, аймақтық іскерлік жаңалықтар, қатысушыларымызға қатысты жаңа ережелер мен нұсқаулықтарға қатысты ақпарат, сондай-ақ басқа да редакциялық материал мазмұндалған Электронды бюллетенді (шамамен 600 адам жазылған) тұрақты түрде жан-жаққа жіберіп отырады. Ол Ұлыбритания мен Қазақстандағы барлық қатысушыларға, аймақтық Сауда-өндірістік палаталарда, британдық және қазақстандық елшіліктерде, жергілікті билік органдарында, сондай-ақ Қазақстан және Ұлыбритания бойынша ең ірі корпорациялар мен қаржылық мекемелерде таратылады. Палатаның мүшесі ретінде Сіз жарнаманы осы басылымға орналастыра және, сол арқылы, жаңа клиенттер мен әріптестерді тарта аласыз.
  • ҚБСӨП хабарландырулардың, іс-шаралар туралы ескертпелердің электронды таратылымдарын және біздің мүшелеріміздің төтенше хабарларын Палатаның барлық қатысушыларына жібереді.
  • ҚБСӨП барлық мүшелерді Директорлар Кеңесінің тұрақты кездесулеріне қатысуға және ойларын бөлісуге, талқылауларға қатысуға және Палатаның басқа қатысушыларымен байланыс жасауға шақырады.