Іс-шаралар
ҚБСӨП Компаниясының Лондондағы өкілдігі ұжымдық шараларды, бизнес-семинарларды және «Дөңгелек үстел» жиынын жиі өткізіп тұрады. ҚБСӨП Компаниясымен өткізілетін барлық іс-шаралар байланыстардың желісін кеңейту, пайда табудың және Сіздің бизнесіңізді дамытудың жаңа жолдарын іздестіру саласында баға жетпес құндылықтарды ұсынады. Кеңес компанияларға Қазақстандық және Британдық нарықты мұқият зерттеуге, қажет уақытында қажетті байланыстарды орнатуға көмектеседі. Сонымен бірге, біздің Кеңес басқа аймақтық Кеңестермен және конференцияларды ұйымдастырушылармен бірлесіп іс-шараларды ұйымдастыруды жүзеге асырады, олар біздің Кеңесті алдыға қойылған тапсырмаларды орындаудың барысында дамуына көмектеседі және біздің бірлестіктегі қатынастардың нығаюына қолдау көрсетеді. Әрбір іс-шара әрбір қатысушыға оның қатысу дәрежесін дербес анықтауына мүмкіндік береді, бұл біздің ұйымға мүше болудың негізгі ерекшелігі болып табылады. Біз ұйымымыздың мүшелерін семинарларға және ұжымдық іс-шараларға қатысуға шабыттандырып отырамыз – бұл оларға соңғы жаңа өнімдерге қол жеткізуіне және жаңа іскерлік қатынастарды орнатудың мақсаттарында өздерін және өз компаниясын таныстыруға мүмкіндік береді.
























