Сәлем жолдауы
Қазақстан-Британ Сауда-Өндірістік Палатасының (“Палата” немесе “ҚБСӨП”) Патроны және Президенті ретінде біз Сіздерді осы өсіп келе жатқан ұйымның мүшесі болуға шақырудың мүмкіндігін пайдаланғымыз келеді. Қазақстанның Біріккен Королдіктегі жұмыстарының алдыға жылжуына көмек көрсетуші іскер қауымдастықтардың бірі ретінде, біздің мақсатымыз қазақстандық және британдық мүшелерге ұжымдық күш-қуатты және барлық қатысушылардың қол жеткен жетістіктерін пайдалана отырып табысты екі жақты іскерлік қатынастарды қалыптастыруға және дамытуға көмек көрсету болып табылады.
Ары қарай оқуҚБСӨП ашылуының тұсаукесері
Біз, Қазақстан-Британ Сауда-Өндірістік Палатасының ресми ашылуының тұсаукесері 2009 жылғы 17-ші маусымда Лондон қ-да болатынын қуанышпен хабарлаймыз. Ашылу салтанаты, Қазақстанға арналған халықаралық ең ірі форумдардың бірі, Қазақстандық Growth Форуммен бірлесіп ұйымдастырылған, Marriott Grosvenor Square Hotel-де өтетін болады. Бұл ҚБСӨП-ті, Қазақстандық-Британдық бизнесті алдыға жылжытудың ортақ мақсатымен біріккен мемлекеттік қайраткерлер мен бизнес қауымдастықтың жетекшілерінің кең аудиториясына ұсынудың тиімді платформасын қамтамасыз етеді.
Ары қарай оқу






















