Миссия

targetҚБСӨП басты мақсаты:

Қазақстанды британдық іскерлік орталарда және Ұлыбританияны қазақстандық ортада, іскерлік корпорациялардың өкілдері қатынас жасап және бірлескен жетістіктерден пайда таба алатындай ортаны құруға көмек көрсете отырып, алдыға жылжыту және бұл ретте екі елде де шағын және орта бизнеске ерекше назар аудару. Сондай-ақ Палатаның британдық және қазақстандық мүшелеріне экспортқа бағытталған өндірісті дамытуға ерекше басымдық бере отырып жаңа іскерлік қатынастарды орнатуға және қолданыстағы қатынастарды жетілдіруге көмек көрсету.

Біз Қазақстандағы және Ұлыбританияның іскерлік ортасына қатынастың планкасын жоғары көтереміз.

Біздің негізгі мақсаттарымыз:

  • Тікелей инвестицияларды, несиелік ресурстарды және басқа да қаржылық құралдарды тартуға көмек көрсету, сондай-ақ екі елдің де әріптестігін дамыту үшін ғылыми-техникалық прогрестің қол жеткізген жетістіктерін, жаңа технологияларжы, техниканы, өнімдерді және жабдықтарды пайдалану жолымен сыртқы сауда қатынастарын жандандыру және әртараптандыру
  • Қазақстанда бухгалтерлік есеп пен қаржыландырудың еуропалық және әлемдік стандарттарын енгізудің базасында Қазақстан Республикасы мен Ұлыбританияның арасындағы экономикалық өзара қатынастарды екі жақты дамыту үшін еркін нарықтың қағидаларын қалыптастыруға қолдауды және көмекті көрсету, сондай-ақ қазақстандық компанияларға Лондонның қор және ресурстық биржаларына шығуда қолдау көрсету.
  • Екі елде де мемлекеттік органдармен және сауда өкілдерімен байланыс орнатуға көмек көрсету. Шынайы ақпаратты ұсыну және болашағы бар әріптестермен байланыс орнатуға мүмкіндік беру, сондай-ақ компаниялардың, кәсіпқойлардың және бизнес-жетекшілердің арасында байланыс орнатуға көмек көрсету.