Біз туралы
Қазақстан-Британ Сауда-Өндірістік Палатасы Қазақстан Республикасының Лондондағы Елшілігінің және Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және Сауда Министрлігінің қолдауымен құрылған екі жақты жетекші іскерлік қауымдастық болып табылады.
ҚБСӨП-тің басты мақсаты:
Іскерлік корпорациялардың өкілдері байланыс жасап және бірлескен жетістіктерден пайда таба алатындай ортаны құруға қолдау көрсете отырып, Қазақстанды британдық іскерлік орталарда және Ұлыбританияны қазақстандық орталарда ұсыну, және де екі елдегі де шағын және орта бизнеске ерекше назар аудару. Сондай-ақ Палатаның британдық және қазақстандық мүшелеріне жаңа іскерлік қатынастарды орнатуда және қолданыстағыларын жетілдіруде экспортқа бағытталған өндірісті дамытуға баса назар аудара отырып көмек көрсету.
Біз Қазақстандағы және Ұлыбританиядағы іскерлік ортаға қатысты үстіңгі мәрені жоғарғы көтереміз.
Біздің негізгі мақсаттарымыз:
- Тікелей инвестицияларды, несиелік ресурстарды және басқа да қаржылық құралдарды тартуға көмек көрсету, сондай-ақ екі елдің де әріптестігін дамыту үшін ғылыми-техникалық прогрестің жетістіктерін, жаңа технологияларды, техниканы, өнімдер мен құрал-жабдықтарды пайдалану жолымен сыртқы сауда қатынастарын белсенділендіру және әртараптандыру.
- Қазақстан Республикасы мен Ұлыбританияның арасында Қазақстанда бухгалтерлік есеп және қаржыландырудың еуропалық және әлемдік стандарттарын енгізудің базасындағы экономикалық өзара қарым-қатынастарды екі жақты дамыту үшін еркін нарықтың қағидаларын қалыптастыруға көмек көрсету және қолдау, сондай-ақ қазақстандық компанияларға Лондонның қор және ресурстық биржаларына шығуына көмек көрсету.
- Екі елде де мемлекеттік органдармен және сауда өкілдіктерімен қатынастарды орнатуда көмек көрсету. Келешек әріптестерге шынайы ақпаратты және рұқсат алуды ұсыну, сондай-ақ компаниялардың, кәсіпқойлар мен бизнес-жетекшілердің арасында қатынастарды орнатуда қолдау көрсету.
























