Video

July 31, 2012

Қазақстан мен Кембридж университеті арасында әріптестік байланыстың орнауы, бірлескен ортаазиялық инновациялық қордың құрылуы қазақ-британ қарым-қатынасын одан әрі тереңдете түсетін болды. Қазақ Президенті Лондонға сапарында Ұлыбританияның атақты Кембридж университетінде болып, оқу орнының профессор-оқытушылық құрамының алдында Қазақстанның даму жолы, экономикалық бағыты жөнінде дәріс оқыған еді. Нұрсұлтан Назарбаев ТМД аймағындағы елдердің мемлекет басшыларының ішінде бірінші рет Кембридж қабырғасында дәріс оқу мәртебесіне ие болды.

Роза Кашкенбаева, Қазақ-Британ сауда экономикалық палатасының Президенті:
Лондонның ғылыми ортасы өте консервативті келеді. Ал, Кембридж секілді білім ордасында дәріс оқу тек әлемдік саясатта өзіндік орны бар саясаткерге ғана көрсетілетін құрмет. Бұл қабырғада ғалымдар,тек алып мемлекеттердің көшбасшыларымен ғана пікір алмасып тұрады. Кембридждегі атышулы профессорлар қазақ Президентінің халықаралық бастамасы жөнінде жақсы біледі. Нұрсұлтан Назарбаевтың ядролық қарусыздану жолындағы бастамаларын, «G-global» алаңын құру идеясын қолдайды. Қазақстанмен ғылым саласында бірлескен жобаларды іске асыруға да ниеттеніп отыр.

Source: http://kaztrk.kz/